Қазақстан геологтары ІІ Еуразиялық тау-кен геологиялық форумына қатысуда

Қазақстан геологтары ІІ Еуразиялық тау-кен геологиялық форумына қатысуда

2017 жылдың 26 қыркүйегі күні Сочи қаласында ІІ Еуразиялық тау-кен геологиялық форумы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстаннан, Беларусиядан, Ресейден, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Монғолиядан және Өзбекстаннан салалық мемлекеттік органдардың,  геологиялық барлау және өндіру компанияларының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің басшылары жиналды.  Форумның негізгі мақсаты – жер қойнауын геологиялық зерттеуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша және  минералды шикізат базасын өндіру мен бағалау жөнінде мемлекеттің міндеті мен бизнестің мүддесіне қатысты салалық мәселелерді талқылау. Барлау, іздеу, минералды шикізатты өндіру мен терең өңдеу  жұмыстарына қолайлы жағдайлар туғызу, жаңа тау-кен геологиялық компаниялардың тәжірбесіне зияткерлік және инновациялық әдістемелерді, технологияларды, техникаларды, жабдықтар мен өндіріс ұйымдар жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыру, басқару жүйесіндегі ырықтандыру мен әкімшілік кедергілерді алып тастау сияқты мәселелер форум міндетіне кіреді.

Біздің елден форум жұмысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев, «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов, сонымен қатар, ірі геологиялық барлау кәсіпорындарының басшылары қатысуда. 

Іс-шараға қытысушылар ТМД елдеріндегі жер қойнауын пайдалануды реттеу құқығының тенденциялары мен негізгі мәселелерін,  жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық әлеуетін өсімнің негізі ретінде пайдалы қазбалар қорын бағалаудың халықаралық жүйесін енгзу, халықаралық жобалар, тау-кен геологиялық өндірісін инновациялық қайта құру, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекаралық аумағындағы инновациялық технология ненгізінде аймақтық геохимиялық жұмыстардың тиімділігін арттыу және басқа да мәселелерді талқылады.

Бүгін барлау, қолдану және жер қойнауын қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXI сессиясы болады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2015-2016 жылдарға арналған үкіметаралық кеңестің XX сессиясының шешімдерін іске асыру және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру барысы туралы, геологиялық барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің шеңберінде жүзеге асырылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің есептері негізгі баяндамалардың бірі болады.

Сондай-ақ, отырыста ТМД елдерімен ынтымақтастық перспективалары, жас геологтар үшін XI Бүкілресейлік ашық далалық олимпиадасын өткізу туралы мәселелер талқыланады (2017 жылғы 31 шілде - 9 тамыз, Кемеров қ.).