Ұлтаралық компания Алматыда фармпрепараттарын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр

Ұлтаралық компания Алматыда фармпрепараттарын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр

HikmaPharmaceuticals – Лондонда негізі қаланған, бірегей дәрілік препараттарды және генериктерді жасайтын және шығаратын ұлтаралық фармацевтикалық компания. Кәсіпорын 1978 жылы Амман, Иордания қаласында қаланған және бүгінгі таңда Лондон қаласының қор биржасындағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады. Hikma 7 зерттеу орталықтары және 11 мемлекетте 29 зауыттары бар, соның ішінде АҚШ-та, Еуропада, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде орналасқан. Компанияның фармацевтикалық өнімдері GMP стандарттарына сәйкес, өнімдердің қоржындарында шамамен 700 түрлі дәрілік препараттар кіреді.

2015 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялау және даму, денсаулық сақтау министрліктерімен және HikmaPharmaceuticals PLC Иорданияның ұлтаралық компаниясымен фармацевтикалық өнеркәсібі бойынша өзара келісім-шарт және ынтымақтастық Меморандумы басым инвестициялық келісіміне қол қойылды.

Кәсіпорын Қазақстанды импорттық медициналық препараттардан тәуелділікті төмендететін және дәрілік заттарды қол жетімді бағада республиканың барлық халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін жоғарғы сапалы фармацевтикалық өнімді шығаратын болады. Фармацевтикалық препараттардың ассортиментінде жүрек-қан тамырларының ауруларының препараттары, жалпылама белгіленген антибиотиктер, орталық жүйке жүйесі ауруларына емдік препараттар, онкология және т.б.

Кәсіпорын Алматы қаласында «Алатау» Индустриалды зонасында жер учаскісін алды және эксклюзивтік негіздегі дәрілік заттарды өндіруге және жеткізуге 10 жылға «СҚ-Фармация» ЖШС-мен келісім-шартқа қол қойды. Қазіргі уақытта жер учаскісі бойынша жұмыстары дұрысталып және өнеркәсібі пысықталуда. Жобаны шетелдік инвесторлары толығымен қаржыландыратын болады.