
Атырау қаласында мұнай газ және химия саласындағы «Атқылама-2017» арнайы-тактикалық аумақтық жаттығу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-ның Атырау филиалынындағы оқу-жаттығу полигонында өтті.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – жедел құрамның авариялық-құтқару операцияларының әдістерін жүргізу және өңдеу тәсілдері арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде дайындық деңгейін көтеру, техногендік сипаттағы ірі ауқымды аварияларды жою кезінде жедел топтардың өзара іс-әрекеттер жасау, техногендік сипаттағы апаттарды жоюда инновациялық технологияларды, қазіргі заманғы техникалық құралдарды практикалық қолдану, өндірістік персоналдың эвакуациялау және құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Қазақстандағы қысқа уақыт аралығында Үкімет нұсқауы бойынша 300 адамға дейін топтама жинақтап, авариялық нысанда, соның ішінде табиғи катаклизмдер орындарында қазіргі заманғы техника және жабдықтармен жарақтандырылған. Кәсіпорнының 13 филиалы Қазақстанның барлық өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан. Сонымен қатар, 2800-ден астам жоғары білікті кәсіби құтқарушылары, 600 бірлік авариялық-құтқару техникалары, 6700 бірлік арнайы тағайындалған жабдықтары жедел ден қою штаттан тыс жағдайдағы және кез келген күрделі аварияны жою жұмыстарына кез-келген уақытта дайын. Кәсіпорыннның оқу орталықтарында жыл сайын 1800-ден астам адам оқудан өтеді, сондай-ақ, қызмет көрсететін кәсіпорындар қызметкерлері жылына 250-ден астам «Дабыл» белгісі бойынша шақырымға шығады.
Кәсіпорын бірнеше рет жоғары кәсіби деңгейін және елдегі қауіпті өндірістік объектілердегі күрделі және ірі көлемді аварияларды жою бойынша авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде жеке құрамның жарақтануын көрсетті. Жоғары кәсібилік және жеке құрамды жарақтандыруын растайтын дәлелдерге келер болсақ, 2004 жылы «Шахтинская», 2006 жылы «Ленин атындағы» және 2008 жылы «Абай» көмір шахталарындағы ірі ауқымды аварияларды жоюға, сондай-ақ, 2017 жылы Шаханда қазандық жарылысының салдарын жоюға қатысты. Авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезінде 185 адам құтқарылып, апатты жою орындарында 319 адамға медициналық көмек көрсетілді.
2013 жылдан бастап Кәсіпорын штаб-пәтері Торонто, Канада қ. «Таукен құтқару халықаралық қауымдастығының» (IMRB) толық мүшесі болып табылады. Кәсіпорын Ресей Федерациясы, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан, АҚШ, Ұлыбритания, Польша және т.б. шетелдік ұқсас қызметтермен, ғылыми-техникалық орталықтармен және мекемелермен өзара іс-қимылда тығыз байланыста болады.
