
2017 жылдың 02 қазанында Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қыстаубаевтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықта алдын-алу» тақырыбына арнайы жиналыс болып өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдарымен және де Қазақстан Республикасы азаматтарымен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажеттігі аталды.
Сонымен қатар Департамент басшысының орынбасары Б.Стамқұлов «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңның қабылданғандығын атап өтіп, осы заңның стратегиялық мақсатын, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамадан кейін белгіленген тақырып аясында талқылау жасалып, қысқаша сұрақ жауапқа ұласты.
Баяндаманы қорытындылай келе, отырысқа қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы видео роликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Жиын барысында сұрақтар қойылып, тиісті бағыт бойынша қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар қайтарылды.