
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымы болды.
Аталған заң жобалары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауында айтылған жер қойнауын пайдалану саласындағы нормаларды кодификациялау туралы тапсырмасына, сондай-ақ, Ұлт жоспарының 74 және 75-қадамдарына сәйкес әзірленген.
Депутаттар алдында Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының негізгі тұжырымдары туралы баяндама жасады. Өз баяндамасында вице-министр жер қойнауын пайдалану саласын реттеудегі жаңашылдықтарға тоқталды.
Жаңа Кодекс жобасы келесі концептуалдық өзгерістерді қамтитындығын атап өту қажет:
- Австралиялық модель аналогиясы негізінде «Бірінші келген-бірінші алады» лизензиялық тәртібі қағидаты енгізу арқылы Жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдетілген тәртіпте беру;
- қорларды халықаралық бағалау тәртібіне өту;
- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті беру және оны цифрлық форматқа өткізу;
- кең таралған пайдалы қазбалар тізмін қайта қарастыру;
-Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында Кен орынын жабу кезінде ликвидациялау ережесін күшейту;
- Әрекет етуші жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт кепілдігітұрақтылығын қамтамассызт ету және тағы басқалары.
Кодексті қабылдау саланың инвестициялық ахуалын жақсартуға, жаңа кенорындарын ашылуына, қосымша жұмыс орындарының пайда болуына, инвестиция есебінен минералдық шикізат базасын ұлғайтуға импульс құруға септігін тигізеді.
Заң жобаларының таныстырылымына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму, Энергетика, Әділет, Қаржы, Ауылшаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері мен Бас Прокуратураның өкілдері қатысты. Сондай-ақ, отырысқа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық-Қазына», Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының, Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдары қауымдастығының, «Кazenergy» және жер қойнауын пайдалану саласындағы бас қақауымдастықтар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.