
«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ 2017 жылдың 22 тамызынан бастап 28 қыркүйекке дейін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, Екібастұз қ. «Шығыс» көмір разрезінде ерекше тәртіп бойынша жоспарлы тексеріс жүргізілді. Жүргізілген тексерістің нәтижелері бойынша кәсіпорынның басшысына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру нәтижелері туралы актімен және ұйғарымдар ұсынылды. Жіберілген бұзушылықтарға 8 жеке тұлғалар, сонымен қатар заңды тұлғаға 100 АЕК мөлшерінде жауапқа тартылды.