Астанада авиация мамандарын даярлау жөніндегі ИКАО-ның Халықаралық симпозиумы өтуде

Астанада авиация мамандарын даярлау жөніндегі ИКАО-ның Халықаралық симпозиумы өтуде

Бүгін алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде «RixosPresidentAstana» отелінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) «Қазаэронавигация» РМК бастауымен ИКАО-ның Авиация мамандарын даярлау және TRAINAIR PLUS жөніндегі  симпозиумның ашылу салтанаты өтті.

Симпозиумның ресми ашылу салтанытында ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев,«Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров, сонымен қатарИКАО-ның Техникалық қарым-қатыныс бюросының бас директорының орынбасары және жаһандық авиацациялық даярлау басқармасының басшысы   Беляне Мешеша сөз сөйледі.

«Симпозиумавиация мамандарын даярлау саласындағы тәжірибемен және жаңа әдістермен алмасу үшін және Қазақстанға Еуразия континентінде авиация саласының дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекөз сөзінде.

Симпозиумға азаматтық авиация саласы органдарының өкілдерін, аэронавигациялық қызмет көрсетушілерді, өндірістік кәсіпорындарды, азаматтық авиацияның оқу орталықтарын, авиакомпанияларды, жерде қызмет көрсету және жүк операторларын, техникалық қызмет көрсету ұйымдарын және әуежайлардың операторларын қоса алғанда, 90 алыс және жақын шет мемлекеттерден 350-ден астамделегат қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша Симпозиум аясында біліктілік бойынша тиімді оқу бағдарламаларын пайдалану, авиация саласындағы инновацияны, тиімді және рационалды шешімдерді  зерттеу қарастыралатын болады.

Симпозиум азаматтық авиация органдарының, аэроновигациялық қызмет көрсетушілердің, өндірістік кәсіпорындардың, азаматтық авиация оқу орталықтарының, әуе компаниялардың өкілдерінің, жер үсті тасымалдаушылар мен жүк операторларының, техникалық қызмет көрсету ұйымдары мен әуежай операторларының ерекше қызығушылығын тудырады.  

Толығырақ ақпаратты Симпозиумның www.tppastana2017.kz  http://www.tppastana2017.kz  ресми сайтынан алуға болады.