Биылғы 8 айда елімізде машина жасау саласында өндіріс көлемі 16,3% пайызға өсті.

Биылғы 8 айда елімізде машина жасау саласында өндіріс көлемі 16,3% пайызға өсті.

Елімізде өнеркәсіп салаларының ішінде машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Өндіріс көлемі биылғы 8 айда 16,3% пайызға өсті.

Автомобиль жасау секторы 51,8 пайыздық өсіммен саланың драйвері болып қала береді. 45 мыңға жуық автомобиль шығарылды.

Алматыда жылына 45 мың бірлік қуаты бар «Hyundai» маркалы («Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС) жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу отандық автомобиль жасау нарығының қуатын екі есе арттырады. Бұл жобаны іске асыру бізге кузовты қалыптау және бояу арқылы автомобильдерді ұсақ түйіндік құрастыруға көшуді қамтамасыз етеді.

Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады. Онда ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге арналған компоненттер шығарылады. Ауданы 38 мың шаршы метр болатын өндірістік кешен биыл желтоқсан айында іске қосылып, келесі көктемде жобалық қуаттылығына шығады.

Бизнес-инкубатор елде ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобиль өндірушілері үшін қажетті 2 мыңнан астам бөлшек мен тораптарды оқшаулау арқылы отандық қамту үлесінің өсуіне ықпал етеді. Әрі жаңа құзіреттерді ұлғайтуға әсер етеді.

Қостанай қаласының өнеркәсіптік аймағында «КамАЗ» қозғалтқыштарына құрамдас бөлшектерін құю өндірісі жолға қойылады. Қазіргі уақытта тиісті инвестициялық келісімге қол қоюға дайындалып, қыркүйек айында құрылысты бастау жоспарлануда.

Өндірілетін өнімнің 95 пайызы экспортқа бағдарланып, Ресей, ТМД елдері, сондай-ақ Daimler неміс концернін қамтитын жаһандық құн жасау тізбегіне кіретін болады. Осылайша, өңір аграрлық бағыттан дамудың индустриялық-инновациялық кезеңіне өтеді.