
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Макажанов Ныгмеджан Койшыбайұлы 2017 жылдың 05 қазан күні Қызылорда облысы бойынша департаментіне іссапармен келді. Н. Макажанов іссапар барысында Департамент ұжымымен жиналыс өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар Департамент қызметкерлерін жеке қабылдап, бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, алдағы уақытта жұмыс көрсеткіштерін одан әрі жоғарылатуды тапсырды.