
2017 жылдың 31 тамызында 04 сағат 21 минутта «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ы Көмір департаменті «Казахстанская» шахтасында аварияның әсерінен топтық жазатайым оқиғаны болды, нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, оның ішінде 3 адам көз жұмды.
Аталған топтық жазатайым оқиғаны тергеу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция Комитеті төрағасының 2017 жылғы 31 тамызындағы № 49-К бұйрығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Н.К. Мақажановтың төрағалығымен комиссия құрылды. Комиссия құрамына ИДӨҚ мен оның аймақтық бөлімшелерінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-ның, Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасының, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Көмір департаментінің өкілдері кірді.
Комиссия төрағасының өкімдерімен тергеу барысында екі эксперттік шағын комиссия құрылып, Мәскеу және Санкт-Петербург тау-кен университеттерінен екі тәуелсіз сарапшы тартылды.
Сонымен қоса, комиссиямен Көмір департаментінің, «Казахстанская» шахтасының және Көмір департаментінің мамандандырылған кәсіпорындарының 29 жұмыскерлерінен жауап алынды.
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде комиссия мүшелері көз жұмған 3 кеншінің жерлеуіне қатысты.
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде мән-жайды және сол мезеттегі жағдайды анықтау үшін комиссия мүшелері жазатайым оқиға болған жерге түсті.
Тау-кен массасынан тазартуды және қауіпсіз жағдайға әкелуге қиындық тудырған метанның жоғары мөлшерде қазбада көп уақыт сақталуы кесірінен жазатайым оқиғаны комиссиямен тергеу мерзімі 28 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Кейбір қайта қалпына келтіру жұмыстарынан және кенжарды тазартқаннан кейін комиссия авариялық кенжарды қайта зерттеді.
Тергеу қорытындысына көзімен көрген және оқиғаға қатысты тұлғаларды сұрастырып, жазатайым оқиғаның орнын қарап, эксперттік шағын комиссияның қорытындысын, актілер мен материалдарды зерттеп, комиссия аварияның себептері мен жағдайлары бойынша үзілді-кесілді шешім шығарып, жазатайым оқиғаның себептерін жою бойынша іс-шараларды құрды. Жұмыс нәтижелері бойынша комиссия мүшелерімен топтық жазатайым оқиғаны тергеудің арнайы актісіне қол қойылды.
Топтық жазатайым оқиғаның себептері болып мыналар табылды:
1. Тау-кен қазбаларын газдаумен, 841,7 м³ (925,8 тонна) көлеміндегі тау-кен массасының және 161645,41 м³ көлеміндегі газдың атылуымен, газ бен көмірдің кенеттен атылуынан болған авария.
2. Көмір департаменті шахталарының ең терең қабаттарында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен-геологиялық және геомеханикалық шарттардың өзгерулерін есепке ала отырып, кенеттен атылу механизмінің заманауи тәсілдерін зерттеу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолданудың жоқтығын білдірген өндірістік жұмыстың қанағаттанарлық деңгейде болмауы.
Жазатайым оқиғаның себептерін жою туралы шаралар өзіне топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісінде көрсетілген 23 тармақтарды қамтиды. Бұл тармақтар келесі жұмыстарды орындауға қарастырады:
28 қыркүйекте комиссия төрағасының топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісі жариялауымен Көмір департаментінің, шахталардың және мамандарылған кәсіпорындардың басшылығы және жұмыскерлердің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізілді.