Биыл Индустрияландыру картасы аясында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Индустрияландыру картасы аясында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

2020 жылғы 15 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.  

Министрлік өңірлермен бірлесіп, өнеркәсіптің түрлі секторларын қамтитын Индустрияландыру карталарын жасады. Онда облыстардың ерекшеліктері мен бәсекелестік артықшылықтары ескерілген. Биыл өңірлерде жалпы сомасы 995 млрд. теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. 18 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Салалар бойынша ең көп жаңа өндіріс агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібінде – 76 жоба. Құрылыс материалдары мен машина жасау саласында – тиісінше 38 және 19 жобадан.

2020 жылдың 8 айында жалпы сомасы 204 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба пайдалануға беріліп, 4300 жаңа жұмыс орны ашылды. Үшінші тоқсанда жалпы сомасы 97 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр.  Жобалардың негізгі бөлігі (164 жоба) биыл төртінші тоқсанында іске қосылады. Жалпы жобалар кесте бойынша жүзеге асырылуда. Проблемалық мәселелер әкімдіктермен бірлесіп шешілуде.

Іске қосылатын жобалардың инвестиция көлемі бойынша Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстары алдыңғы қатарда.

Биыл Қарағанды облысында «Linde Gas» ЖШС техникалық газ өндіру бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жобасы іске қосылды. Бұдан басқа, 80 пайыз өнімі экспортқа бағытталған ферроқорытпа зауытының 3 пешін іске қосу, сондай-ақ құю өндірісін жаңғырту және байыту фабрикасын салу жоспарланып отыр. Саран моно қаласында автобустың және арнайы  техниканың жаңа түрлерін шығару жобасын іске қосу жоспарлануда. Биыл 30 шілдеде Саран қаласында «Аллюр» компаниялар тобы» мен «Татнефть» компаниясы арасында шина шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді.

«Осы жобаны іске асыру отандық нарықтың қазіргі заманғы шина өніміне қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ автомобиль өндірісін оқшаулауды ұлғайтады. Жаңа өндірістерді іске қосу қала дамуына жаңа серпін береді. Нәтижесінде тарихи тау-кен металлургиялы Қарағанды облысы инженерлік-техникалық әлеуетімен бүгінгі таңда еліміздің өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы болып отыр»,-деді Б.Атамқұлов.

Өнеркәсіп салаларының ішінде машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Өндіріс көлемі биылғы 8 айда 16,3% пайызға өсті.

Автомобиль жасау секторы 51,8 пайыздық өсіммен саланың драйвері болып қала береді. 45 мыңға жуық автомобиль шығарылды.

Алматыда жылына 45 мың бірлік қуаты бар «Hyundai» маркалы («Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС) жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу отандық автомобиль жасау нарығының қуатын екі есе арттырады. Бұл жобаны іске асыру бізге кузовты қалыптау және бояу арқылы автомобильдерді ұсақ түйіндік құрастыруға көшуді қамтамасыз етеді.

Биылдан бастап отандық автоөнеркәсіп
(«Сары-Арқа автоөнеркәсіп» ЖШС және «Азиа-Авто» АҚ) және металлургиялық компания («Вектор-Павлодар» ЖШС) арасында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында өндірілетін автомобиль дөңгелектерін қолдану бойынша кооперация басталды. Бұл автоөнеркәсіпті оқшаулауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады. Онда ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге арналған компоненттер шығарылады. Ауданы 38 мың шаршы метр болатын өндірістік кешен биыл желтоқсан айында іске қосылып, келесі көктемде жобалық қуаттылығына шығады.

Бизнес-инкубатор елде ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобиль өндірушілері үшін қажетті 2 мыңнан астам бөлшек мен тораптарды оқшаулау арқылы отандық қамту үлесінің өсуіне ықпал етеді. Әрі жаңа құзіреттерді ұлғайтуға әсер етеді.

Қостанай қаласының өнеркәсіптік аймағында «КамАЗ» қозғалтқыштарына құрамдас бөлшектерін құю өндірісі жолға қойылады. Қазіргі уақытта тиісті инвестициялық келісімге қол қоюға дайындалып, қыркүйек айында құрылысты бастау жоспарлануда.

«Өндірілетін өнімнің 95 пайызы экспортқа бағдарланып, Ресей, ТМД елдері, сондай-ақ Daimler неміс концернін қамтитын жаһандық құн жасау тізбегіне кіретін болады. Осылайша, өңір аграрлық бағыттан дамудың индустриялық-инновациялық кезеңіне өтеді»,-деді министр.

Электротехникалық машина жасау секторында айтарлықтай өзгеріс болды. Биыл отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа – Біріккен Араб Әмірліктеріне шықты. Ал ішкі қажеттілік 65% пайызға қамтылады. Сондай-ақ, түрлі салалардағы ел нарығының
65% пайызы кабельдік өнімдермен қамтылған. 

«Кабельдік өткізгіш өнімі металлургия саласының 5-ші қайта жасалуы бола отырып, металдарды терең өңдеуді және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруді қамтамасыз ететінін атап өту қажет. Оған қол жеткізу қажеттілігін Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте өз Жолдауында айтқан болатын»,-деді Б.Атамқұлов.

Трансформаторларға қажеттілік 85% пайызға қамтылады. Петропавлда 5-ші трансформатор зауыты іске қосылған кезде («Alageum Electric») жылына тағы 10 мың трансформатор өндірісі қамтамасыз етіледі. Бұл трансформаторлар бойынша қажеттіліктің барлық желісін жабуға мүмкіндік береді. Ішкі нарықты өлшеу жабдықтарымен 85% пайызға қамтамасыз етіледі және Орталық Азия елдеріне жеткізе алады.

Бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады. Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1% пайызға өсті. Індет басталғалы бері жеке қорғаныс құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есе артты. (137 мыңнан 1,2 млн. данаға дейін артты). Осылайша, бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар қайта пайдаланылатын қорғаныш костюмдерімен (айына 504 мың дана) және медициналық қолғаптармен (айына 330 мың дана) қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ медициналық бетперделер деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуде (күніне 1,2 млн.дана).

2020-2025 жылдарға арналған фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамытужөніндегі кешенді жоспары аясында келесі шаралар жүзеге асады:

Бірінші. Фармацевтика саласының өндіріс көлемін 2 есеге арттыру (92 млрд. теңгеден 184 млрд. теңгеге дейін );

Екінші. Дәрі-дәрмектердің экспорт көлемін 2 есеге немесе  116 млн. АҚШ долларына дейін арттыру;

Үшінші. Медициналық бетперделерді шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығын тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізу.

Төртінші. 2021 жылдың 1 тоқсанына қарай қорғаныс костюмдерін өндіру қуатын 500 мың 1 миллион данаға дейін жеткізу.

Мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі - импортты алмастыру және тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтуды 90 пайызға дейін жеткізу. Құрылыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін биыл құны 126 млрд. теңгені құрайтын
38 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл салада 2020 жылдың негізгі жобалары Нұр-Сұлтан қаласындағы көлемдік-блоктық үй құрылысы зауыты («ModeX Astana»), сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар ірі жобалар.

Жалпы құрылыс материалодарын өндіру жобаларын іске асыру импорт үлесін 15% пайызға төмендетіп, тұрғын үй құрылысында қазақстандық қамту үлесін 90 % пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылғы жобалар толық қуатқа шыққан кезде, олардың өндіріс көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан  асады. Өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігі экспортқа шығарылады. Бұл шамамен 800 млн. АҚШ доллары. Моно қалаларда жалпы сомасы 132 млрд. теңгені құрайтын 15 жоба іске асырылып, 1 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Ауылдық жерлерде жалпы сомасы 376 млрд. теңге құрайтын 77 жобаны іске асырылып, 5 800  тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

Бұдан басқа, Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін, атап айтқанда кәбіл өнімінің 7 түрін, карьерлік және жол техникасының жаңа түрлерін, жаңа түрдегі композитті коагулянттарды, газ талдағыштарды, кіші және үлкен диаметрлі тегеурінсіз темір бетон құбырларды, тыңайтқыштардың жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.

«Индустрияландыру картасы жобаларын табысты іске асыру, бізге өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың сапалы жаңа траекториясына шығуға мүмкіндік беріп, ішкі нарықты толықтыру және экспортқа шығу арқылы ұлттық экономиканың өзіндік жеткілікті болуын қамтамасыз етеді,-деді министр Бейбіт Атамқұлов.