King Air -250 ұшағының авиациялық оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде

King Air -250 ұшағының авиациялық оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде

2017 жылдың 10 қазанында тіркеу нөмірі UP-K3504 King Air -250 әуе кемесі Орал қаласының әуежайына қонар кезінде авиациялық оқиға тап болып, апатты жағдайда қонды.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Орал әуежайына қонуға ыңғайланған кезде жалғасқанатшаны қосқаннан кейін ұшаққа құстар соғылған.

Соның салдарынан қону шасси тетіктерінің қосылуынсыз қонуға тура келген. Әуе кемесінің бортында экипаждың 3 мүшесі болған. Олар –  Ұшақ командирі - Бунеев А.И.;  екінші ұшқыш - Кисилев А.В. және борт-оператор – Толе Д.Н. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Тек әуе кемесі аздап зақымданған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген оқыс оқиғалар мен апатты жағдайларды тергеу ережесіне сәйкес, бұл авиациялық оқиға тергелуі тиіс.

Осыған орай, King Air-250 әуе кемесінде болған авиациялық оқиғаның мән-жайын тексеру үшін Министрлік комиссиясы құрылды.

Көлік апаттары мен оқиғаларын тергеу басқармасының қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барды.