
Соңғы кездері қырғыз тасымалдаушылары тарапынан Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті. Тек соңғы 2 күнде Қырғызстан Республикасының тасымалдаушыларына тиесілі тексерілген 212 автокөлік құралының 35-нен өрескел заң бұзушылықтар анықталып отыр. Атап айтқанда, артық салмақ және габарит көрсеткіштері бойынша - 11, каботажды тасымалдау - 4, Қазақстанның рұқсат бланктерінің болмауы - 4 және басқа да 13 заң бұзушылық тіркелді. Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар үшін барлығы 1 миллион 328 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, тұрақты емес жолаушылар тасымалдау рұқсаты жоқ 4 автобус айып тұрағына қойылды. Анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат Қырғыз Республикасына жіберілді.