
Кәсіби диплом мен оның растамасының жаңа үлгілерін, сондай-ақ теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекітуге қатысты ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы күшіне енді.
Аталмыш нормативтік құқықтық акт теңізшілерді даярлау, диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға енгізілген соңғы түзетулерді имплементациялау шеңберінде, сондай-ақ, Халықаралық теңіз ұйымы сарапшыларының ұсынымдарын орындау мақсатында қабылданды.
Жаңа тәртіпте басқару құрамының ғана емес, сонымен бірге матростар, мотористер және электриктердің де біліктілігін растайтын құжаттарды беру көзделген. Бұдан басқа, жүзу өтілі немесе кемедегі жұмысқа ұқсас өтілі болған жағдайда теңізшілерде өз кәсіби дипломдарының қолданысын ұзарту мүмкіндігі туды.
Көрсетілген қағидалар кеме экипажының мүшелерін дайындау мен оларға диплом беру жүйесінің негізі болып табылады.
Қағидаларды қабылдау қазақстандық теңізшілердің кәсіби дипломдарын басқа мемлекеттердің де мойындауына мүмкіндік береді.