
Президенттің 2019 жылғы Жолдауында айтылған маңызды тапсырмаларының бірі - экспортқа жұмыс істейтін компанияларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігі
Мемлекет басшысы елімізде орта бизнесті, ең алдымен өнімді өткізу саласында мемлекеттік қолдаудың пәрменді шаралары жоқ екенін атап өтті. Сондықтан кәсіпкерлерге көмек көрсету қажет.
Осыған байланысты Президент Үкіметке индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қоса алғанда, өнімділігі жоғары орта бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
- Индустрияландырудың үшінші кезеңі аясында өңдеуші өнеркәсіптің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты қойылды. Экспортқа бағдарланған индустрияны қолдау үшін мемлекеттік бағдарламада өңдеу секторының тиімді кәсіпорындарына баса назар аударылды, – дейді “Қазақстан индустрия және экспорт орталығы "QazIndustry” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов.
Толығырақ сілтемеде: kazpravda.kz