Түркістан облысындағы 26 мемлекеттік мектеп энергия тиімділік сертификаттарын алды

Түркістан облысындағы 26 мемлекеттік мектеп энергия тиімділік сертификаттарын алды

ҚР Өнеркәсіп комитеті мен ЕО SECCA жобасының сарапшылары Түркістанға сапар аясында 2023–2024 жж. салынған мектептерге сертификаттар табыстап, мектеп директорлары мен білім басқармасы өкілдеріне энергия тиімділік бойынша дәрістер өткізді.

Ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау осы ғимараттардың энергияны тұтынуын, пайдалану шығындары мен қоршаған ортаға әсерін азайтуға көмектеседі.

Қазақстан 2029 жылға дейін ғимараттардың энергия тұтынуын 15%-ға төмендетуді көздейді.