
Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаировтың басшылығымен Қазақстан делегациясы қатысқан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестициялар жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш кездесу аясында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын және жұмысшылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, Ұлттық байланыс орталығы қызметінің ілгерілеуі туралы есебін ұсынды. Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялық комитетіне мүше болуы аясында отырысқа қатысып, сөз сөйлеуі маңызды іс-шара болып есептеледі.