
Қазақстанда алғаш рет құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша ТМД қатысушы мемлекеттерінің базалық ұйымдастыру отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Ресей Федерациясының Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары, сондай-ақ, Қырғызстан мен Тəжікістан елдерінен өкілдер қатысты. Отырысты ашқан Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Базалық ұйымдастыру шеңберінде бірыңғай техникалық саясатты жəне құрылыстағы үйлестірілген нормативтік базаны құру бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтты. Осындай құрылымның қажеттігі соңғы жылдарда ТМД қатысушы мемлекетерінде құрылыстық нормалаудың тəсілдерінде айтарлықтай айырмашылықтың болуында, олар келешекте экономикалық ынтымақтастықта қисынсыз кедергілерді тудыруы мүмкін.
«ТМД қатысушы елдерінің техникалық, сметалық, сараптамалық нормалаудың бірыңғай стандарттарының болуы маңызды. Осының арқасында біздің елдің кəсіпкерлері белсенді ынтымақтастықта бола алады жəне құрылыс секторындағы инновациялық технологияларды дамыта алады»,-деп атап өтті ҚР ИДМ Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетов.
Кеңеске қатысушылар сонымен қатар, құрылыс материалдарына, бұйымдарына жəне құрылыс өнімінің көптеген түрлерін бақылау, сынау əдістеріне қолданыстағы мемлекетаралық жаңа стандарттарды əзірлеу жəне оларды жаңарту мəселелерін талқылады.
Конференция барысында құрылыс саласындағы инновациялар мен проблемалар туралы бірқатар баяндамалар оқылды. Атап айтқанда, «Қазақ құрылыс жəне сəулет ғылыми-зерттеу жəне жобалау институты» акционерлік қоғамының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) сарапшылары сейсмикалық төзімді құрылыс туралы, құрылыс нысандарын жобалау кезінде ақпараттық моделдеу технологияларын енгізу жəне Қазақстанда жобалаудың еуропалық стандарттарын (еурокодтарды) қолдану тəжірибесі туралы баяндамалар жасады. Базалық ұйымдастыру қорытындылары бойынша қарарға қол қойылды. Ол ТМД қатысушы мемлекеттерінің нормативтік-техникалық құжаттарын талдаудың озық бағыттарын анықтады.
Анықтама:
Құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу проблемалары бойынша ТМД
қатысушы мемлекеттерін базалық ұйымдастыруды (бұдан əрі – Базалық ұйымдастыру) құру ТМД елдерініңқұрылыс қызметіндегі ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық кеңестің 36 отырысында Астанада 2014 жылы бастамшылық алды. Базалық ұйымдастырудың алғашқы отырысы 2017 жылдың мамырында Мəскеуде өтті.