
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті РММ 2017 жылдың 21 қыркүйектен бастап 16 қазанға дейін ерекше тәртіппен «Жана Роса» ЖШС-де тексерулер жүргізілді.
«Жана Роса» ЖШС-нің қызмет көрсету түрі – сыра өндіру.
Жүргізілген тексеріс барысында келесі объектілер тексерілді: элеватор, жағар жанар май материалдардың қоймасы, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, қазандықтар, прекурсорлар, қауіпті заттар қоймасы, химиялық зертханасы.
Жүргізілген тексерістің нәтижелері бойынша кәсіпорынның басшысына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру нәтижелері туралы акті мен ұйғарымдар ұсынылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ережежелердің сақталмау себебімен жіберілген бұзушылықтарға 2 жеке тұлғаларжауапқа тартылды, сонымен қатар 1 заңды тұлғаға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.