А.ж. 27 тамызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглова Ақмола және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп, аталған өңірлерден өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру мәселелерін талқылау бойынша бірлескен жиналысқа қатысты.
Жиналыс жұмысына, сондай-ақ облыстардың өнеркәсіптік кәсіпорындарының, «QazIndustry» АҚ, «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қорының өкілдері қатысты.
Вице-министр Салемдесу сөзі сөйлеп, Министрліктің қабылданып жатқан бастамалары туралы айтып берді.
Әкімдік өкілдерінің сөз сөйлеуі барысында өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша өңірлердегі ағымдағы жағдай және одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтылды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындар өз өндірістерінде енгізілетін цифрлық технологиялар туралы қысқаша баяндады.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, жиналыстың қорытындысы бойынша, Министрлік пен облыстары әкімдіктерінің осы бағыттағы бірлескен жұмысы бойынша міндеттер анықталды.
Министрлік пен әкімдік қабылдаған бірлескен шаралар өнеркәсіпті цифрландыру деңгейін арттыруға және өнеркәсіптік кәсіпорындарды индустрияға 4.0 көшіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.