
Қазақстанның химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде минералдық тыңайтқыштардың үлесі 20% - ды құрайды.
Ауыл шаруашылығында негізінен тыңайтқыштардың келесі түрлері қолданылады:
-азот (аммиак селитрасы, кармабид, Карбид-аммиак қоспасы (сұйық тыңайтқыш), аммоний сульфаты;
-фосфорлы (аммофос, суперфосфат, сульфоаммофос, нитроаммофос);
-калий (күкірт қышқылды калий, хлорлы калий);
- кешенді (күрделі) (азот-фосфор-калий тыңайтқыштары, азот-фосфор, фосфор-калий, фосфор-күкірт бар, моноаммонийфосфат, монокалийфосфат);
- микротыңайтқыштар.
Қазақстанның аумағында минералды тыңайтқыш өндіру бағытында 11 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың негізгілері "Қазфосфат" ЖШС және "ҚазАзот" ЖШС болып табылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 378 мың тонна азот тыңайтқыштары өндірілді, фосфор тыңайтқыштарының өндірісі 393,4 мың тоннаны құрады.
Құрамында екі немесе үш қоректік элемент бар минералды тыңайтқыштар жайында: азот, фосфор және калий СЭҚ ТН 3105 экспортына қатысты, 2014-2019 жылдар кезеңінде СЭҚ ТН 3105 тыңайтқыштарының экспортының негізгі көлемі Ресей Федерациясына, Украинаға, Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Аргентинаға жеткізілді.
Бұдан бөлек, Жамбыл облысында "Қазақстан Республикасында Қаратау фосфорит бассейнінің кен орындарын игеру және минералды тыңайтқыштар шығару зауытын салу" жобасы іске асырылуда, ол жергілікті (фосфат) шикізатты өндіруден бастап, экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға дейінгі, өндірістік қуаты 1 млн.тоннадан астам дайын өнімді толық өндірістік циклмен жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған.
Қазақстанда өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының негізгі өндірушілері мынадай кәсіпорындар болып табылады: "Astana – Nan Chemicals" ЖШС (Ақмола облысы), "ЩелоковоАгрохим-KZ" ЖШС (Ақмола облысы), "Агрохимия" ЖШС (Алматы қаласы), "Косагрокоммерц" ЖШС (Алматы облысы), "АгроХимПрогресс" ЖШС (Павлодар облысы), "Қазтрасткем" ЖШС (Павлодар облысы).
Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіретін кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты-25,9 мың тонна дайын өнімді құрайды.
Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының экспорты 2019 жылдың қорытындысы бойынша 835 тоннаны құрады. Негізгі көлемі Украинаға, Қырғызстанға, Ресей Федерациясына және Өзбекстанға экспортталады.