
24 қазанда Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде 2017 жылдың 9 ай жұмыс қорытындысы бойынша жиналыс өтті.
Жиналыста Департаменттің өңірлермен қоса барлық бөлімдерінің басшылары және көмір өнеркәсібінде тау-кен техникалық қадағалау бөлімі, тау-кен және кен емес өнеркәсіпті тау-кен техникалық қадағалау және жобалық-техникалық құжаттаманы сараптау бөлімі, қазандықтар және газ шаруашылығы, көтергіш құрылыстарды және нан өнімдері объектілерін қадағалау бөлімі, Теміртау қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі және әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің бас мамандары қатысты.
Жиналыс кезінде бөлім басшыларының есептері тыңдалды, тексеріс өткізу кезінде туындайтын сұрақтар көтерілді, сонымен қатар еңбек тәртібі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау бойынша ерекше назар аудырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша бақылау-профилактикалық жұмыстың нәтижесі шығарылды, барлық Департаменттің жұмысына баға қойылды.

