
Ағымдағы жылдың 21-22 қазан күндері Ақтау қаласында «Спорт – денсаулық кепілі» атты Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында дәстүрлі мини-футбол ойынынан жарыс өтті.
Бұл спорттық іс-шараны облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің жергілікті Департаменті ұйымдастырды.
Ауқымды турнирге жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің командаларымен қоса Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті де қатысты.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтерінде салауатты өмір салтын ұстанып, жас буын қызметкерлерін тәрбиелеуді қалыптастыру.