
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен 2017 жылдың 27–ші қыркүйек пен 13-ші қазан аралығында 2017 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Oil Services Company» ЖШС-нің Жетыбай және Қаламкас кенорындарындағы нысандарда ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізілді.
Тексеру жүргізу барысында 12 нысан тексерілді, атап айтқанда: бұрғылау қондырғыларын, ұңғыларды күрделі және жерасты жөндеу көтергіш агрегаттар, жүк көтергіш механизмдер және қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 52 бұзушылық анықталды. Осының негізінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бөлімінің 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаға жалпы сомасы 226 900 теңгені құрайтын айыппұл салынды.
