ҚР ИДМ мен ТДҰА қолдаған өнеркәсіп өндіріс қуатын жылына 3 млн. батареяға дейін арттырды

ҚР ИДМ мен ТДҰА қолдаған өнеркәсіп өндіріс қуатын жылына 3 млн. батареяға дейін арттырды

Компания 2013-2014 жылдары «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінен» бірнеше гранттар алған болатын. Олардың ішінде техникалық сипаттамасы озық заманауи жаңа аккумуляторлы батареяларды шығару үшін инновациялық технологияларды сатып алуға, әлемдік өндірушілермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін инновациялық құйма технологияларын,  заманауи жаңа аккумуляторлар шығару үшін таспаларды экспандирлеу сияқты жобалар бар.

«Қайнар АКБ» ЖШС-і жүк және жеңіл автокөліктерге, бағдаршамдарға және әскери техникаларға арналған батарея өндіруші отандық кәсіпорын. Кәсіпорынға жаңғырту жұмыстарын жүргізбегенде компания жабылып қалуы мүмкін еді. Бірақ «Қайнар АКБ» ЖШС-нің ҮИИДМБ арқылы мемлекеттік қолдаудың арқасында қайта құруға мүмкіндік туды.

Бүгінгі күні «Қайнар-АКБ» мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдаланады:

• ЕДБ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

• инновациялық технологияларды сатып алуға арналған гранттар;

• өнімді сыртқы нарыққа шығарумен байланысты шығындарды өтеу;

• заманауи басқару технологияларын енгізу шығындарын өтеу және т.б.

Отандық өндіруші өндірісті толықтай модернизациялауды жүзеге асырды, технологияны жетілдірді және өндіріс көлемін ұлғайтты.  Ассортименттің саны 70-ке жетті.

Кәсіпорын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-нан екі жобаға грант алды: «Батареяларды құрастырудың инновациялық технологияларын сатып алу, әлемдік өндірушілермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін техникалық сипаттамалары озық жаңа буын батареяларын шығаруға және құюға арналған инновациялық технологияларды сатып алу, жаңа буын батареяларын шығаруға арналған таспаны кеңейту сияқты жобалар». 

Аккумуляторлы батареялардың көлемін  5-10-15-20 миллион данаға дейін көбейтуге болады. Грант алушы әлемдік жетекші өндірушілердің «Совета» (Италия), MAC (АҚШ), Digatron және Kustan (Германия), Б.М. (Австрия) құралдарымен жабдықтап, өндірісті жаңғыртуды жүзеге асырды.

Аккумуляторлық батарея өндірісінің технологиясы Сібір, Орталық Азия және Қазақстандағы (-60С-тан + 60С-қа дейін) күрт континентальды ауа-райына икемделіп жасалған.

2004 жылдан бастап ISO 9001: 2008 сапа менеджменті жүйесі, TUV NORD Cert сертификаттаушы органы бар. 2013 жылғы қазанда грант алушы DEKRA Certification GmbH компаниясының неміс органы шығарған ISO / TS 16949: 2009 сапа менеджменті жүйесінің сертификатына ие болды. Стандарт автомобиль өнеркәсібі үшін әлемдік деңгейдегі талаптарды белгілейді. 2010 жылдың тамызынан бастап компания «Кайзен» жүйесін (өндірістегі басқару технологияларын) енгізді. 2014-2016 жылдары немістің MOLL компаниясының мамандары өндірістің технологиялық және басқарушылық деңгейін арттыру үшін техникалық консалтинг жүргізді. Ол 2017-2018 жылдарға ұзартылды.

Қазіргі уақытта грант алушының Exide, Johnson Controls, East Penn және Ronanis аккумуляторлары бар. Олар бәсекеге қабілетті  және жоғары талаптарға жауап береді. Экспорт - 60%-ды құрайды.

Грант алушы нарықта тек Қазақстанды ғана емес, Орталық Азия республикаларын да, ТМД-ның басқа елдерін де қамтамасыз ете алады. Өз өнімдерін қатты дамып келе жатқан Қытайға да жеткізеді. БАӘ мен Парсы шығанағы елдерінің, Африка мен Ауғанстанның қызығушылығы бар.

Зауыт өз электротермиялық пештерінде айына 1,100 тонна тауарлы қорғасын мен қорытпаларын шығарады. Онда итальяндық «Engitek Technologies» компаниясының инновациялық технологиясымен жұмыс істейтін қолданылған аккумуляторларды кесетін  автоматтандырылған жабдығы бар. 2016 жылы кәсіпорын өз өнімдерін «Ұлы Дала Елі» брендімен  экспорттау құқығына ие болды.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму үдерістерін үйлестіруге және мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

ТДҰА  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі »АҚ құрамына кіреді.