
Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясына қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс қорытындысы
Ағымдағы жылдың 24 тамызы мен 2 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп 2017 жылдың екінші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (бұдан әрі – «НКОК Н.В.») компаниясының қауіпті өндірістік объектілеріне 2017 жылдың екінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында «НКОК Н.В.» компаниясының 78 объектісі тексерілді, атап айтқанда, Теңіз объектілерінде орналасқан Қашаған кен орнының А, Д, ЕПС-2, ЕПС-3, ЕПС-4 жасанды аралдары, сондай-ақ Ақтоты және Қайран кен орныдары және «Болашақ» мұнай және газ кешенін дайындау қондырғысы. Тексеріс қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының талаптары мен нормалары бойынша 68 бұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесінде анықталған негізгі бұзушылықтар, қондырғыларда орнатылған манометрлердің нақты қысымдарының сәйкессіздігі, яғни есептік қысымнан артық болуы, фланецті байланыстағы будың ағуы, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды уақтылы техникалық куәландырудан өткізбеуі, сонымен қатар, жауапты тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тиісті оқудан өтпеуі болды.
Тексеріс қорытындысы бойынша заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бабының 1 бөліміне сәйкес, «НКОК Н.В.» компаниясына 100 АЕК 226 900 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, уақытылы өндірілді.