
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тәуекел тобын бағалау негізінде жасақталған тексерудің 2017 жылдың 2-ші жартыжылдық кестесіне сәйкес «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС-нің объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 2017 жылдың 24-ші қазанынан бастап ерекше тәртіп бойынша тексеріс бастады.
Қазіргі таңда «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілуде.
Тексерістің мерзімі ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап 9 қарашаға дейін болып табылады.
