
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тәуекел тобын бағалау негізінде жасақталған тексерудің 2017 жылдың 2-ші жартыжылдық кестесіне сәйкес «Қазақстан – отын энергетикалық кешені» ЖШС Батыс филиалының жанармай сақтау қоймаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 2017 жылдың 23-ші қазанынан бастап ерекше тәртіп бойынша тексеруді бастады.
Қазіргі таңда Маңғылақ және Бейнеу бекеттердің ЖММ қоймаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілуде.
Тексерістің мерзімі ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап 9 қарашаға дейін болып табылады.