Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру туралы

Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру туралы

А.ж. 20 тамызда Қазақстан Республикасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглова Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Н. Манкеевпен және Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдерімен бірлесіп, аталған өңірлердегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру мәселелерін талқылау жөніндегі жиналысқа қатысты.

Жиналысқа сондай-ақ облыстардың өнеркәсіптік кәсіпорындарының, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының «ИТП» ДКҚ, «QazIndustry» АҚ өкілдері қатысты.

Вице-министр Министрліктің кейбір бастамалары туралы қысқаша айтып берді:

- «ИТП» ДКҚ және «QazIndustry» АҚ бірлесіп құрылған технологиялық платформаның көмегімен отандық өнеркәсіптік және АТ кәсіпорындарын қолдаудың Экожүйесін құру қажеттілігі;

- өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрияға 4.0 көшу үшін жағдай жасау бойынша негізгі қадамдарды анықтау;

 «Цифрлық Қазақстан» МБ енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеевтің сөз сөйлеуі барысында өңдеу өнеркәсібін цифрландыру бойынша 2018-2022 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде өңірдің іске асырылып жатқан жобалары туралы айтылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Д. Жаманқұлов өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ағымдағы жағдай туралы қысқаша баяндады.

Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, жиналыстың қорытындысы бойынша, Министрлік пен облыстары әкімдіктерінің осы бағыттағы бірлескен жұмысы бойынша міндеттер анықталды.

Министрлік пен әкімдік қабылдаған бірлескен шаралар өнеркәсіпті цифрландыру деңгейін арттыруға және өнеркәсіптік кәсіпорындарды  индустрияға 4.0 көшіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.