
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл 9 айда өнеркәсіп өндірістінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға өсіп, 6,5 трлн. теңгені құраған. Фармацевтикада (+36,1), жеңіл өнеркәсіпте (+9,6%), металлургияда (+7%), машина жасауда (+6%), мұнай өңдеуде (+5,8%), азық-түлік өнімдерінің өндірісінде (+5,3%) және химиялық өнеркәсіпте (+4,2%) өсім байқалады.
«Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырған 23,1%-ға өсіп, 9,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған нвестициялардың көлемі биыл 9 айда 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсіп, 599 млрд. теңгені құрады»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асыру экономиканы және өнеркәсіпті қайта құрылымдауға ықпал етті. Осылайша, экономиканы дамытуға қосқан (ЖІӨ) өңдеу секторының үлесі 2015 жылғы 10,1% -дан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 11,9% -ға дейін, өнеркәсіпте – 2010 жылғы 31,8%-дан 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 40,7%-ға, экспорт 2010 жылғы 27,9%-дан 2017 жылдың 8 айында 32,7%-ға дейін өсті.
Фото мұрағаттан алынды.