«Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы»

«Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы»

2024 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы бекітілді.  

Бұйрықпен импорттаушыларға (уәкілетті экономикалық операторларды қоспағанда) таңбалауға жататын аяқ киім тауарларының айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне енгізілген өз қойма үй-жайларында ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырылғаннан кейін, оларды ішкі тұтыну немесе қайта импорттау үшін шығару рәсіміне орналастырғаннан кейін өз қойма үй-жайларында аяқ киім тауарларын таңбалауды жүзеге асыруға мерзімсіз рұқсат белгіленген.

Бұл ретте, бұйрықпен импорттаушылардың қойма үй-жайларына қойылатын талаптар және оларды көрсетілген тізбеге енгізу тәртібі айқындалған.

Импорттаушылар еркін нысанда қағаз және электрондық түрде ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетіне (comprom@mps.gov.kz) Тізбеге меншікті қойма үй-жайларын қосу үшін:

1) қойма үй-жайының меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару жалға алу құқығында немесе өзге де заңды негізде болуын растайтын құжаттар;

2) көлік құралдарының аумаққа кіруін және қойма үй-жайының аумағынан шығуын, адамдардың қойма үй-жайына кіруін және одан шығуын бақылау жүйелерінің техникалық сипаттамалары, орналасқан жерлері, бейнебақылау құралдары, көлік құралдарының кіруін және адамдардың қойма үй-жайының аумағына кіруін бақылауға, сондай-ақ болған оқиғалар туралы бейне ақпаратты көру үшін бейнебақылау құралдарына кіруге жауапты адамдардың байланыс деректері туралы мәліметтер;

3) көрсетілген жабдыққа арналған құжаттардың электрондық көшірмелерін және жабдықтың фотосуреттерін қоса бере отырып, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға арналған жабдық туралы мәліметтерді ескере отырып өтініш жібере алады.

Қойма үй-жайларының тізбесін бекітудің қысқа мерзімдерін ескере отырып, мүдделі импорттаушылар жоғарыда көрсетілген өтінімді қысқа мерзімде ұсынуы қажет.

Бұдан басқа, бұйрықпен тауарларды таңбалаудың және қадағалаудың ақпараттық жүйесінде аяқ киім тауарларын қабылдау-беру актілерін ресімдеу мерзімі тауарды берген сәттен бастап 15 жұмыс күніне дейін ұзартылды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді.