
Қазақстанда биыл қазан айының 10-ы мен 31-і аралығында тауар-көлік құжаты болмағандықтан (CMR) 159 шетел автокөлік құралы әкімшілік жауапқа тартылды.
CMR жоқ Ресей (51), Моңғолия (1) және Өзбекстан (1) тасымалдаушылары анықталды. Бірақ, айыппұлдарың басым бөлігін, яғни 106 айыппұлды Қырғыз тасымалдаушылары төлейтін болды. Жыл басынан бері Қырғыз елінің тасымалдаушылары 493 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тауар-көлік құжаты бұл негізгі тасымал құжаты болып есептеледі. Оның құрамында жүк атауы, оның саны мен салмағы; қаптама түрі; жүкті тиеу және түсіру тәсілі мен уақыты сынды деректер бар.