Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «дөңгелек үстел» өтті

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «дөңгелек үстел» өтті

2017 жылдың 19 қазанында индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мұнай және газ кеніштерінде геологиялық барлау жүргізетін, яғни геофизикалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар мен пайдалы қазбаларды ашық әдіспен және жерасты өндірумен, жарылғыш заттармен жұмыс жүргізетін және «Ұлттық  ақпараттық технологиялар» АҚ Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының өкілдерімен департаменттің ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы субъектілеріне ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

«Дөңгелек үстелді» Департамент басшысының орынбасары Б. Стамқұлов  Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы аясында негізгі 5 басымдығын атап өтіп, «дөңгелек үстелді» ашып берді. Оның ішінде: «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыру. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою. Адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру» туралы айтылған екінші басымдығына тоқталды. Бесінші басымдықта көрсетілгендей бүкіл әлем күресіп келе жатқан сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында да электрондық форматқа көшудің елеулі орын алатынын тілге тиек етті.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушыларға жобалық құжаттамаларын келісу  «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылдың 11-сәуіріндегі № 188-V Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабына сәйкес және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына қосымша «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттамасын келісу» және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуіріндегі № 511 бұйрығына 5-қосымшаға сәйкес, «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде ұсынылатын құжаттар тізбесі сонымен қатар қызмет көрсетудің мерзімдері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, «Ұлттық  ақпараттық технологиялар» АҚ Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының өкілі www.elicense.kz веб-порталымен жұмыс жасауды ақпараттық-техникалық құралдардың көмегімен (проектор, компьютер, интернет желісі және т.б.) түрлі мысалдар келтіріп,  егер қандай да бір түсінбестік орын алған жағдайда порталдың 1414 бірынғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қажетті ақпаратты алуға болатынын түсіндірді.

«Дөңгелек үстел» нәтижесінде қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тыңғылықты жауаптар беріліп, пікір-талас орын алды.

«Дөңгелек үстел» бойынша келесідей қорытынды жасалды:

  1. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің электронды түрде, яғни қызмет алушының қызмет берушіге баруын қажетсінбеуді қамтамасыз ету;
  2. Заңды немесе жеке тұлғалардың «Жобалық құжаттамаларды келісу» қызметімен жүгінерде қажетті құжаттарды дұрыс және толықтай ұсыну;
  3. Қызмет барысында сыбайлас жемқорлықтың салдарын болдырмауды үнемі басты назарда ұстау және онымен күресу.