
Қарашаның 1-інде Қазақстан мен ҚХР арасында 2017 жылы автомобиль тасымалдарын жасау рұқсаттама бланкілерімен қосымша алмасу жүзеге асырылды.
Екі ел өткізу бекеттері ауданында шекара бойындағы терминалдар аралығында жүктерді тасымалдауға ары-бері бір рет жүріп өтуге мүмкіндік беретін 10 мың С түріндегі рұқсаттамалармен алмасты.
Сондай-ақ, екі жаққа бір сапар жасау құқығы бар белгілі бағдарлармен жүк тасымалдауға 1 мың D түріндегі рұқсаттама берілді. D түріндегі рұқсаттама бұл рұқсаттамалардың жаңа түрі екенін атап өткен жөн. Ол қазақстандық тасымалдаушыларға Қытайдан төменде аталған жаңа бағдарлармен жүктерді жеткізуге мүмкіндік береді:
Алматы – Қорғас – Үрімші;
Алматы – Достық – Үрімші;
Алматы – Қорғас – Инин;
Талдықорған – Қорғас – Үрімші;
Шонжы – Достық – Инин;
Өскемен – Майқапшағай – Үрімші;
Семей – Бақты – Үрімші;
Семей – Майқапшағай – Алтай;
Зайсан – Зимунай.