Ерекше тәртіппен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында жүргізілген тексерулер бойынша

Ерекше тәртіппен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында жүргізілген тексерулер бойынша

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті РММ 2017 жылдың 21 қыркүйегінен  бастап 16 қазанға дейін ерекше тәртіппен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында тексерулер жүргізілді.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – АФЗ қызмет көрсету түрі – ферроқорытпа өндіру.

Жүргізілген тексеріс барысында келесі объектілер тексерілді: 4 негізгі балқыту цехы, 13 қосымша, жылыту қазандық ауданы, жүккөтергіш құрылымдары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, мұнай өнімін сақтау қомасы.

Жүргізілген тексерістің нәтижелері бойынша 427 бұзушылықтар айқындалды. Кәсіпорынның басшысына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымдар және тексеру нәтижелері туралы акті  ұсынылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ережелердің сақталмағаны бойынша жіберілген бұзушылықтарға екі заңды тұлғаға 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.