Жеңіл өнеркәсіп тауарларына таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау қорытындылары бойынша

Жеңіл өнеркәсіп тауарларына таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау қорытындылары бойынша

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі  (бұдан әрі-Министрлік) жеңіл өнеркәсіп тауарларына таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша:

1) 2024 жылғы 23 қазан мен 29 қазан аралығында «Ашық-НҚА» порталында «on-line» режимде (есеп қоса беріледі);

2) 2024 жылғы 30 қазанда Министрліктің алаңында қоғам өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен бейнеконференцбайланыс арқылы реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жүргізілгенін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.

Қоғамдық талқылаулар қорытындылары бойынша Министрліктің атына «Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары» қауымдастығынан реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне кәсіперлік субъектілерінің пайдасы мен шығындарын толықтыру қажеттілігіне қатысты бірқатар пікірлер келіп түсті.