Мемлекет басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Мемлекет басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің биылғы 7 айдағы жұмыс қорытындылары және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебін тыңдады.

Жалпы пандемияға байланысты дағдарыстық жағдайға қарамастан Министрлік жетекшілік ететін барлық салада оң серпін байқалады. Бүгінгі таңда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, 60 мың отбасы баспана жағдайын жақсартты.
"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 9,8 мың шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автожолда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Индустрияландыру картасы аясында жыл соңына дейін барлық өңірде 160 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің дамуын әрі қарай ынталандыру, ішкі нарық сұранысын қанағаттандыру үшін өңдеу өнімдерінің үлесін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарланған тұрғын үй көлемін уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Көлік-транзиттік инфрақұрылымды жаңартуды әрі қарай дамыту үшін аталған бағытта жұмысты жалғастыру тапсырылды.