«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚТүрікменстанда Қазақстанның бес ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының таныстырылымын ұйымдастырды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚТүрікменстанда Қазақстанның бес ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының таныстырылымын ұйымдастырды

Ашхабадта «Түркменстанның мұнай және газы »XXII халықаралық көрмесі ашылды. «KAZAKHINVEST» ҰК »АҚҚазақстанның бес ірі кәсіпорынының (Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты, Alageum Electric, KEMONT, KazCenterElectric құбыры, KRSOilandGas) ұлттық стендтерін ұйымдастырып, таныстырды.

Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Қазақстан Түркменстанның негізгі сауда әріптестерінің бірі екенін, сондай-аққазақстандық компаниялардың Түркіменстанның мұнай-газ секторымен ынтымақтастығын дамытуы және аталмыш іс-шараға қатысуы маңызды екенін атап өтті.

««Түркменстанның мұнайы мен газы»  көрмесі бұл елдің ең ірі мамандандырылған көрмесі болып табылады. Қазіргі уақытта өзінің мұнайы мен газ қоры бар Түркменстан біздің перспективалы нарықтарымыздың бірі болып есептеледі. Ал біз үшін, мұнай жабдықтарын өндірушілер үшін, бүгінгі көрмеге қатысу үлкен іскерлік қызығушылық тудырады.Бірнеше апта бұрын ҚАЗАҚ ИНВЕСТ-тің көмегімен Түмен қаласында (Ресей Федерациясы) осындай іс-шара аясында 2 млн. АҚШ доллары сомасына сорғытқыштар жеткізу туралы келісімшартқа қол қойдық.Бүгінгі іс-шара аясында жаңа нәтижелерге жету жоспарланып отыр», - деп атап өтті «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ бас директорының экспорт жөніндегі орынбасары Берік Молдағали.

 «Түрікменстан өндірушілерінде трансформаторлық жабдықтардың жоқтығына байланысты біз үшін Орталық Азиядағы ең тартымды нарықтардың бірі болып табылады. Дегенмен, еркін валютаның айырбасталуындағы белгілі шектеуге байланысты түркмен нарығына кіруде белгілі бір қиындықтар бар. Қазан айының соңында үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет трансформаторларды Түркменстан аумағына жеткізу жүзеге асырылды, бірақ әлі де көлемі аз. Сондықтан біз бүгінгі күні жыл сайын 1 млн. АҚШ долларына дейінгі жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін қалпына келтіру үшін «Түркменстанның мұнайы және газы» көрмесінің алаңын пайдаланғымыз келеді»,-деді Alageum Electric компаниясының экспорт жөніндегі менеджері Эльдар Бекмуратов.

Қазақстан мен Түркіменстан энергетикалық отын секторы бойынша үлкен ынтымақтастық перспективаларына ие. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналым 283,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 39,7 млн. АҚШ долларын, импорт 214,4 млн. АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ, импорттың басым үлесі табиғи газ, мұнай өнімдері және теңіз кемелеріне тиесілі. Ал, Қазақстан Түркіменстанға ұн, темір пруттарын, уыт сығындысын, жүк автомобильдерін, табак өнімдерін, алкогольсіз сусындар, барий сульфаты мен фосфат экспорттайды.

«KAZAKH INVEST қазақстандық компанияларды Түркіменстан нарығына ұдайы шығарып келеді. Жұмыс істеген жылдары біз 189 отандық кәсіпорынның қатысуымен қайта өңделген қазақстандық тауарларды экспорттауға жәрдемдесу үшін 28 шара өткіздік. Соның нәтижесінде 235 млн. доллар сомаға экспорттық келісім-шарттар бекітілді. Бүгінгі көрме қазақстандық бизнеске Түркісменстан нарығынан орын алуға мол мүмкіндік береді»,-деді KAZAKH INVEST компаниясының менеджері Мадина Дуанова.