
Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады. Құжат екіжақты, транзиттік жүк тасымалының жүзеге асырылуын, сонымен қатар рұқсаттық құжаттама негізінде үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымал жасауды қарастырады. Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан мен Норвегия арасындағы тасымалдарды үшінші елдер Ресей мен Беларусь елдерінің өкілдері жасайды.
Келісімді ратификациялау Қазақстанның транзиттік әлеуетінің дамуына, тасымалды жеңілдетуге және нәтижесінде жүк ағынын тартуға ықпал жасайды. Қазақстанда салық заңнамасының жұмыс жасауына қарамастан, келісімде Қазақстан территориясымен арнайы рұқсаттамасыз жүріп өту жағдайлары қарастырылғанын атап өткен жөн және олар гуманитарлық мүдделерге қажет заттар мен жабдықтарды, көрмелер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауларға қатысты болып келеді.
Бүгінгі күні Қазақстан 41 елмен автомобиль қатынасы жөніндегі келісімдер жасасқан.
Анықтама:
2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 53 % өсіп, 1,5 мың (100 сапар) тоннаны құрады. Екі ел арасында тасымалданатын негізгі тауарлар ішінде қара және түсті металлдардан жасалған бұйымдар; машиналар; механизмдер мен жабдықтар; мал және химия өнеркәсібінің өнімдері.