Тау-кен өндіру секторы - Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі

Тау-кен өндіру секторы - Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі

Астанада ERG (Еуразиялық топтың) инноваторларының II форумы өтті. Биыл форум ішкі іс-шара шекарасын кеңейтіп, түрлі салалардағы қонақтарды жинады. Олар өнеркәсіп салалары үшін Индустрия 4.0 технологиясының тиімділігін талқылады.

«Тау-кен өндіру секторы - Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Тау-кен металлургия кешені елдегі жоғары технологиялық және ғылыми өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету үшін  маңызды стратегиялық қажеттілік. Тау-кен саласы Индустрия 4.0 технологиясын енгізу үшін жоғары инновациялық әлеуетке ие екені анық», - деді ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев.

Сонымен қатар, пленарлық отырыста ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асланбек Әмрин, АНҚ «Инновациялық технологиялар паркінің» бас директоры Санжар Кеттібеков, «Eurasian Group» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов және басқа да ТМК жетекші сарапшылары қатысты.

Форум аясында жедел өндірістік тиімділік, инновациялық жобалар, «Бизнес-процестерді оңтайландыру» конкурсы және ІТ мамандары мен өндіріс қызметкерлері үшін хаккатон, сондай-ақ әртүрлі тренингтер бойынша үздік инновациялық бастамалар байқауын өткізу жоспарлануда.