
5 қарашада Алатау спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері арасында өткізілетін спартакиада бастау алды.
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құрылымдық бөлімшелердің арасында спартакиада өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр.
«Спорттық шаралар әр азаматтың әлеуетін, күш-қуатын, болашаққа деген сенімін арттырып, салауатты өмір сүруіне ықпалы мол. Елбасымыз «Тек салауатты ұлт қана өзін бәсекеге қабілетті ел деп санай алады» деп атап өткен болатын. Жаппай спорт қозғалысын дамыту бәріміздің міндетіміз», - деді спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сагинов.
Сондай-ақ жыл сайын спартакиадамен қамтылатын ойын түрлерінің саны да артып келеді. Бұрын тек шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғыз құмалақ ойындарында үздіктерді анықтайтын болса, бүгінгі күні армреслинг, тирде ату, арқан тарту спорт түрлері де қосылды.
Спартакиаданың алғашқы күнінде волейбол, теннис және арм-рестлинг ойындары өтіп, қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Орталық аппараты қызметкерлерінен құралған команда жеңімпаз атанды. Спартакиада 11-12 қарашада жалғасып, шағын футбол, арқан тартыс, нысанаға ату ойындарында үздіктер анықталады.




