
Мәжілісте 40 елден 200-ден аса мемлекеттік билік пен бизнес органдарының өкілдері қатысты. Қазақстандық делегациясы Инвестиция және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Баитов Қ. Қ. басшылығымен, құрамында тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Аюпов Н.Н., ҚР ИЖДМ СЭЫД Көп жақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Неталиев С.С., және «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Салалық талдау орталығының бас сарапшысы Жолмағамбетов Т.Б. шақырылған тарап ретінде қатысты.
Осы Сессияда әлемдегі болат нарығының ағымдағы жағдайы, 2030 жылға дейінгі болатқа деген сұраныстың болжамы, болат қорыту өнеркәсібіне әсер ететін мемлекеттік қолдаулар, сонымен қатар Қазақстан үшін өзекті болып табылатын цифрландыру мен автоматтандыру мәселелері және олардың индустрияның болат секторына әсері сияқты тақырыптар талқыланды.
Сессияның екінші күні ЭЫДҰ-ның Болат комитетіндегі Қазақстанның мәртебесін қауымдастық мүшелігіне дейін арттыру мәселелеріне байланысты қазақстандық делегация елдегі болат секторының жай-күйі және саланың ортамерзімді мен ұзақмерзімді тапсырмалары туралы баяндамамен сөз сөйледі. Баяндама аяқталған соң мүше мемлекеттер және қауымдастық мүшелері Қазақстанның өтінімін қарастырды. Талқылау барысында өтінім көпшілік дауысымен қолданды, бірақ бірнеше мүше сұрақты тереңірек қарастыру үшін қалыс қалды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұыйымы Болат комитетінің 83-ші мәжіліс құжаттары серіктестік сайтында қолжетімді:
http://www.oecd.org/sti/ind/83rd-session-of-the-steel-committee.htm