ҚР ИДМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің отырысы өтті

ҚР ИДМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің отырысы өтті

ҚР ИДМ-ң жауапты хатшысы Замир Сағыновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңесінің отырысы өтті.

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен 2017-2020 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен және ұлттық қордан бөлінген қаражатты пайдалануда қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар  отырыста қаралған негізгі мәселелердің бірі болды.

З.Сағыновтың айтуынша, Комитеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың бұзылуына жол бермеулері тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін түсірмеу үшін аумақтық бөлімшелермен жұмыс күшейтілуі керек.

Кездесу барысында министрліктің, ведомстволардың және олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің 2017 жылдың 2-3 тоқсандарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақтау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында - «Бәйтерек» ҰБХ » АҚ, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазахавтодор» РМК мен «ҚИДИ» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есептерін тыңдады.

Баяндама жасаушылардың айтуынша, ведомстволық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары арнайы әзірленген стандарттар мен жоспарларға сәйкес жүргізіледі.Халықтан келіп түскен барлық шағымдар бойынша олардағы заң бұзушылық деректерді жою үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ашықтығын, мамандардың әлеуетін нығайту мен кадрларды іріктеудегі меритократия қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.