
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Кодекс жобасы салалық қауымдастықтың және бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленді. Құжат жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға, жаңа кен орындарын және қосымша жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасында көмірсутек шикізат қорлары мен қатты пайдалы қазбалар қорлары бойынша CRIRSCO халықаралық жүйелі стандарттар есебін енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласының айқындығы мен болжамдығын жоғарлату көзделген. Ең үздік дүниежүзілік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазбалар үшін келісімшарттарды оңтайландырылған тәсілмен жасау енгізілді», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Геологиялық барлауға инвесторладың көптеп келуін қамтамасыз ету мақсатында, Кодекс жобасының негізгі жаңа енгізілімі ретінде жылсайын жалға алу мөлшерінің артуымен «бірінші өтініш» принципіне негізделген, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің оңайлатылған тәртібін енгізу таңдалды. Бір блокта 2 шаршы метр шамасы көлеміндегі учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген. Әлеуетті жер қойнауын пайдаланушыға бірден барынша 200 блок алуға боладыбірақ әрқайсысына қойылатын ерекше талап бар. Мысалы, жеке қаржы бөлу және олардың әрқайсысына жеке есеп беру. Бұл Қазақстанның ауқымды, сапалы және толық геологиялық зерттелуін қамтамасыз етеді.
Кодекс жобасы аясында ұсақ кен орындарында асыл металдар мен тастарды өндіруді регламенттеу мақсатында жер қойнауын пайдаланудың жаңа түрі – старательдік өндіру енгізіледі.
Жер қойнауы туралы Кодексте жекелеген ережелерді кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету және қолданыстағы келісімшарттардың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін өтпелі ережелерді және Кодекс күшін енгізу тәртібін орнататын жеке тарау көзделген.