
Молибден мен ренийді қайта өңдеуге маманданған Чилилік Molymet компаниясының басшылығымен өткен кездесуде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан мен Molymet арасындағы әріптестік перспективаларын талқылады. Сирек металдарды өңдеу технологиясымен танымал Molymet металлургия мен химия өнеркәсібін қоса алғанда, әртүрлі салаларға өнімдерді жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Келіссөздер барысында министр Шарлапаев Қазақстандағы молибденнің елеулі қорлары туралы айтып, сирек металдарды өңдеу және пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктер ұсынды. Кездесуге сондай-ақ Өнеркәсіп комитеті мен Геология комитетінің өкілдері қатысты, олар Қазақстанның отандық өнеркәсіп тиімділігін арттыру үшін Molymet озық технологияларын енгізу мүдделілігін атап өтті.
Чили тарапынан Molymet компаниясының Бас директоры Эдгар Кристофер Папа Ареллано, сондай-ақ оның орынбасарлары Гонсало Альфонсо Баскуньян Обач пен Марио Алехандро Лама Акоста қатысты, олар ынтымақтастықтың әлеуетін қарастыруға және Қазақстандағы ықтимал инвестицияларды талқылауға дайын екендіктерін білдірді