Елімізде биылғы 7 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3% өсті

Елімізде биылғы 7 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3% өсті

2020 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларында биылғы қаңтар-шілде айларындағы жағдай мен негізгі көрсеткіштер туралы баяндады. 

Аталған кезеңде еліміздің 12 өңірінде өнеркәсіп саласында өндіріс өсімі оң нәтиже көрсетті.

Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру 2,5% өсті. Темір кен өндіру 0,9% артты. .

Көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты көмір өндіру көлемі 102,6% құрады. Көмір өндіруші компаниялар 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 62 млн. тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% артық. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия  және басқа да салалар есебінен 3,8% өсті. 

Түсті металлургияда өндіріс көлемі аффинирленген, алтын өндіру көлемін 3%, бастапқы алюминийді 1% өсуіне байланысты нақты көлем индексі 3,9% артты.

Қара металлургияда нақты көлем индексі 98% құрады.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,6% өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 13,9% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 45,1%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,4%, өзге көлік құралдарын жасау 113,8%, электр жабдықтарды жасау 0,2% өсті.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,2% артты. Өсім «Dolce» кәсіпорнында өнімнің 67%, «Химфарм» АҚ 9% және «Элеас өндірістік фармацевтикалық компаниясында» 21 есе артуына байланысты болды. Бұдан басқа, «СК-Фармация» дистрибьюторы арқылы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды. 

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 7,3% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 8,3% және былғары өнімдердің 6,9% ұлғаюына байланысты болды. 

Көлік саласында нақты көлем индексі биылғы 2020 жылдың қантар-шілде айларында 84,4% құрады. Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артты және 483,1 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-шілде айларында 106,3% құрады. Өсім өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. 16 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында 7 айдың қорытындысында 6,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5%. Республика бойынша барлығы 61 308 баспана пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 15 өңірде байқалады.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 млн. шаршы метр (150 мың тұрғын үй) тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осы жоспарға қол жеткізу үшін өңірлерге сәуір айында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің 15 мың пәтерінің құрылысына қосымша 180 млрд. теңге бөлінді.

Министрлік өндіріс, көлік және құрылыс салаларында 2020 жылға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізіледі.