Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев "KazAgroExpo-2024" көрмесінің пленарлық сессиясына қатысты

Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев "KazAgroExpo-2024" көрмесінің пленарлық сессиясына қатысты

2024 жылғы 22-24 қазан аралығында Астана қаласының "EXPO" халықаралық көрме орталығында Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының іс – шарасы - "KazAgroExpo - 2024" халықаралық көрмелері өтуде. Биылғы жылы іс-шара әлемнің 20 елінен 250 компанияны жинап, аграрлық саладағы озық технологиялар мен инновациялық шешімдермен алмасу алаңын ұсынды. Экспозицияның жалпы ауданы 20000 шаршы метрді құрады.

 

ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев көрменің пленарлық сессиясына белсене қатысып, Қазақстан экономикасының негізгі секторы ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол мұндай іс-шаралар өндіріске инновацияларды енгізуге ықпал етіп қана қоймай, әсіресе ТМД-да алғаш рет көрме серіктесі болған Германиямен ынтымақтастық шеңберінде халықаралық байланыстарды нығайтатынын атап өтті.

 

"KazAgroExpo-2024" елдер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді және агросекторда заманауи технологияларды интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Германияның серіктес ретінде қатысуы халықаралық аренадағы көрменің маңыздылығын мойындау болып табылады және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын атап көрсетеді", — деп атап өтті Панбаев пленарлық отырыс барысында.

 

Көрме өсімдік шаруашылығына арналған жоғары өнімді техника, соның ішінде тракторлар мен комбайндардың жаңа желісі сияқты инновациялық шешімдерді ұсынудың маңызды платформасына айналды. Тұқымдарды таңдаудан бастап өңдеу технологияларына дейін өндірістің толық цикліне ерекше назар аударылады.

 

Мал шаруашылығына арналған KazFarm бөлімі аясында қатысушылар бордақылау алаңдары мен сүт фермаларына арналған жабдықтар мен шешімдердің кең ауқымымен танысты, бұл іс-шарада ұсынылған мүмкіндіктердің алуан түрлілігін тағы да атап көрсетеді.

 

"KazAgroExpo-2024" көрмесі тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту үшін вектор орнатады.