"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың бастамасымен және модераторлығымен бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекет басшысының бизнестің қарсы міндеттемелерін сандық бақылауды енгізу туралы тапсырмасын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Бағдат Мусин, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері Аманияз Ержанов және Динара Щеглова, ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев, Премьер – Министрдің кеңесшісі Дана Жүнісова қатысты.
Күн тәртібінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қолдау шараларын бақылау бойынша бірыңғай саясатты әзірлеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кеңесте кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық жүйесі таныстырылды, сондай-ақ Мемлекет басшысының бизнестің қарсы міндеттемелерін сандық бақылауды енгізу туралы тапсырмасын іске асыру барысы талқыланды:
- жауапты мемлекеттік органды анықтау;
- ақпараттық жүйені анықтау;
- пилоттық жобаны өткізу.
- Бизнестің қарсы міндеттемелерін тұрақты бақылау үшін ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне қажетті өзгерістер енгізу.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бизнестің қарсы міндеттемелерін сандық бақылауды іске қосу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бірыңғай саясатты әзірлеу үшін негізгі белгілері мен түрлерін көрсете отырып, "мемлекеттік қолдау шаралары" ұғымдық аппаратын заңнамалық түрде бекіту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Министр мемлекеттік қолдау шараларын бірыңғай үйлестіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларының (қызметтердің барлық түрлері енгізілген мемлекеттік қызметтер тізілімі ретінде) "бірыңғай тізбесінің" жоқтығын атап өтті.
Заңнамалық бекітілгенге дейін ақпаратты ұсыну бойынша Бизнестің келісімі қажет. Осыған байланысты, пилотты іске қосу, ақпарат беру мүмкіндігі үшін кәсіпорындар мен Атамекен ҰКП арасында келісімге қол қоюды алдын-ала қарастыру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, цифрлық бақылау шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары бойынша (кәсіпорын кірістерінің көлемін, салық аударымдарын ұлғайту бойынша деректерді салыстыру және т.б.) алушылардың қарсы міндеттемелерін орындауын анықтау үшін деректерді талдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жалпы, бизнестің қарсы міндеттемелерін сандық бақылау мемлекеттік қолдау шаралары бойынша Бизнестің қарсы міндеттемелерін орындауды автоматтандыру арқылы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.