
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) Ұлттық ғылыми кеңестің 2024 жылғы 22 мамырдағы №2 отырысы хаттамасының №2, №3 үзінділеріне, 2024 жылғы 23-31 мамырдағы №2 отырысы хаттамасының №3 үзіндісіне және Комитет төрағасының 2024 жылғы 08 қазандағы №86-н бұйрығына сәйкес, Комитет 2024 жылғы 10 қаңтарда жариялаған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары болып келесі ұйымдар табылғанын хабарлайды: