Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабарландыру

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің 2024 жылғы 30 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды пайдалануды жүргізу қағидаларының 20-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:
1) 2024 жылғы 23 қазаннан бастап 29 қазанға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында:
- «Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасы;
- «Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасы;
- «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша міндеттемелерін енгізудің реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері орналастырылатыны туралы;
2) 2024 жылғы 30 қазанда сағат 11:00-ден бастап 13:00-ге дейін бейнеконференцбайланыс арқылы реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.
Реттеу субъектілерінің және өзге мүдделі тұлғалардың шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, барлық мүдделі тұлғаларды аталған реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Талқылауға қатысу үшін, 2024 жылғы 28 қазанға дейінгі мерзімде толық аты-жөнін, жұмыс орнын, атқаратын қызметін, сондай-ақ мобильді телефон нөмерін көрсете отырып отырысқа қатысатын кандидатуралардың тізімін a.isabekova@mps.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8 (7172) 648-597 телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз.